Голливудтық жұлдыздардың да ұлан асыр тойларын күтіп жүргендер көп. Мысалы жақында ғана сүйіктісі Хейли Болдуинға сөз салған Джастин Бибер, шаңырақ көтеру салтанатына қызу дайындық үстінде.
Үйленуге асыққан Бибер, тіпті қалыңдығына зәулім сарай сыйға тартқан. Джастин ол үшін 5 000 000 долларға шығындалған.
Тіпті жұлдызды жұп, айтулы күнді осы жекежайда атап өтуді көздеп отыр. Болашақ жас жұбайлар үйлену тойларын 2019-шы жылға жоспарлап қойған деседі.
Пэрис Хилтон да тұрмыс құруға қызу дайындық үстінде. Әнші сүйіктісі Крис Зилкамен сөз байласқанына бір жыл болды. Жұлдызды жұп үйлену тойларын осы күздің қарашасына жоспарлап отыр.
Әлемге танылған музыкант Эд Ширан да, бойдақтықпен қоштаспақ. Сері, ғашығы Черри Сибборнға сөз салып, күйеу жігіт атанған еді. Алайда, Эдтың қолынан неке жүзігін көрген табынушылары, әнші құпия түрде үйленіп алды деп топшалауда.